Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қайырымдылық істер көбейсе екен

Елімізге Тәуелсіздікпен бірге келген тағы бір құндылық – қайырымдылық акциялары мен игі істер.

Әсіресе, соңғы он жылда жақсылық жасап жарысатындар көбейді. Бұл әрине, қуанарлық, құптарлық іс. Енді биылғы мерейлі отыз жылдық қарсаңында осындай қайырымдылық істерді көбейту керек. Жақында еліміз бойынша «Отыз жылдыққа – отыз қайырымды іс» деген эстафета басталды ғой. Осындай іс-шаралар әрбір ауылды қамту керек. Әрине, қайырымдылық екен деп кәсіпкерлерге салмақ сала бермей әр адам өзі де игі істерге ұмтылған дұрыс. Соның ішінде алдыңғы аға буын белсенділік танытқаны дұрыс. Себебі, қазіргі таңда қайырымдылық іс жасап жүргендердің басым бөлігі жастар.

Ал, жетпісінші жылдан әрі қарайғы үлкендер жақсылық жасауда аса белсенді емес. Сол себептен қайырымдылық эстефетасын алдыңғы аға буын бастаса, жастар қуана қолдайды. Осы орайда, менің ұсынысым – мерейлі мерекеде тек концерттер мен байқауларды ұйымдастыра бермей қайырымдылық акцияларын да қосу керек. Әр концерт пен шара сайын бір мұқтаж отбасыны қуантып отырсақ керемет емес пе?!

Ризабек АМАНТАЙ,

«Қызылқоға – құтты мекенім» қорының төрағасы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT