Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қытай құрамасындағы қазақ қызы: Алматыдағы қысқы Азия ойындарына қатысқым келеді

МИЛАН. KAZINFORM – 21 ақпан күні Милан және Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының конькимен жүгіру додасы өз мәресіне жетті.

Әйелдер арасында масс-старт бәсекесінде Қытай құрамасы сапында ұлты қазақ жалғыз қандасымыз Ақнар Адаққызы жарыс жолына шықты. Осы орайда, спортшы Kazinform тілшісіне эксклюзив сұхбат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ақнар Адаққызы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарының Алматыда өтетіні туралы хабарды естігенде қатты қуанғанын жасырмады.

- Шынымды айтсам, Олимпиада ойындарынан кейін спорттық мансабымды аяқтау ойымда болды. Алайда, Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтеді дегенді естіп, қатты қуандым. Бұл менің қайта шешім жасауыма түрткі болды. Өзіме жаңа мақсат қойып, Алматыдағы ақ Азиядада бақ сынап көрсем деп армандаймын,- деді ол.

Сондай-ақ, спортшы бүгінгі жарыс нәтижесі және алдағы мақсаты туралы ойын айтты.

- Мен үшін екінші Олимпиада ресми аяқталды. Жалпы, жарыста жеңіске жетуге барымды салып,  тырыстым. Бәсекелестік өте жоғары болды. Бұл Олимпиада ойыны болғандықтан, ешкім аянып қалмасы анық. Енді алда тағы төрт жылдықтың басты додасы келе жатыр. Сол себепті, босаңсып қалмай бүгінгі күннен бастап мақсатым үшін күресемін,- деді қандасымыз.

Айта кетйік, Ақнар Адаққызы конькимен жүгіруде әйелдер арасында командалық із қуу және масс-старт додасында бақ сынады.

Конькиші — Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген. Бірнеше мәрте Қытай чемпионы, қысқы Азия ойындарының және басқа да халықарылық жарыстардың жеңімпазы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT