Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Мен, ел ағасы ретінде, әр азаматтың Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға және өз Отанына кедергісіз оралуға құқығы Конституциямызда айқын көрсетілгенін үлкен жетістік деп бағалаймын.

Бұл – Тәуелсіз еліміздің демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде қалыптасқанының нақты дәлелі. Әр адамның еркін жүріп-тұруы – оның табиғи құқығы. Бүгінгі таңда азаматтарымыз білім алу, еңбек ету, тәжірибе жинақтау немесе өзге де мақсаттармен шетелге шығуға мүмкіндік алып отыр. Бұл – ашық қоғамның, дамуға ұмтылған мемлекеттің көрінісі. Сонымен бірге, бұл құқықтың заңда белгіленген жағдайда ғана шектелуі мүмкін екені де орынды. Бүгінгі ұрпақ осы құқықтардың қадірін түсініп, ел игілігі жолында аянбай еңбек етеді деп сенемін.

Еңсеген ӘБИ,

зейнеткер-ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT