Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Олимпиададан елге оралған шорт-трекші Абзал Әжіғалиев алдағы жоспарларын айтты

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған отандасымыз, шорт-трекші Абзал Әжіғалиев елге оралды. Астана әуежайында оны спорт қауымдастығының өкілдері, жанкүйерлер мен журналистер қарсы алды деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Олимпиадада А.Әжіғалиев шорт-трек бойынша Қазақстанның намысын қорғап, төртжылдықтың басты додасында жоғары деңгейдегі дайындық көрсетті. Бұл спортшы үшін төртінші Олимпиада болды және осы жолы ол ширек финалға дейін жетті. Қазақстандықтарды толғандырған басты сұрақ — Әжіғалиев бесінші Олимпиадаға дайындықты жалғастыра ма деген мәселе.

— Әзірге бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын, алдағы жоспарларды құрып, мақсаттарымызға қарай қадам басамыз, — деді ол.

Спортшы өзінің жарыстардағы өнері балаларды шорт-трекпен айналысуға шабыттандырады деген үмітін білдірді. Оның айтуынша, бұл спорт түрі күрделі болғанымен, өте әдемі әрі тартымды, сондай-ақ тек физикалық емес, моральдық төзімділікті де талап етеді.

Егер оның үлгісі кем дегенде бірнеше жасөспірімді осы спортқа қызықтырса, онда жылдар бойы жасаған жаттығулар мен ең ірі турнирлерге қатысуының текке кетпегені. Абзал Әжіғалиев сондай-ақ Қазақстанда шорт-тректің одан әрі дамып, жастар арасында қызығушылықтың арта түсетініне сенім білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT