Пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалармен қайта қылмыс жасау деректерін алдын алу мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына сай Қызылқоға аудандық прокуратурасы және аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен жаза өтеушілер арасында «Дойбыдан» жарыс өткізілді.
Ұйымдастырылған спорттық іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, ойын тартысты өтті. Өткізілген спорттық шараның басты мақсаты салауатты өмір салты мен азаматтардың заң сыйлаушылық мінез-құлықын қалыптастыру және құқық бұзушылықты алдын алуға бағытталған. Сайыс соңында жүлделі орандарға ие болған қатысушылар естелік грамоталарымен марапатталды.
Аудандық прокуратура