Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және түсіндіру бағытында тыңғылықты жұмыстар жүргізу қажет. Бұл туралы Атырауда өткен аймақтық семинарда айтылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Айрықша атап өту керек, елімізде мұндай шара алғаш рет ұйымдастырыып отыр. Аймақтық семинарға Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының мемлекеттік рәміздер саласындағы жауапты мамандар қатысты. Семинар барысында мемлекеттік рәміздерді нормативтік құқықтық деңгейде қолданылуы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Тәжі Ақтілек, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Геральдика, стандарттау және сапа тобының бас сарапшысы Гүлбибі Алғазинова, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерболат Есенов кеңінен түсінік беріп, жұмыс барысында жиі кездесетін сұрақтарды талқылады. Ал, мұнайлы мекенде мемлекетті крәміздерді насихаттау жұмыстарымен жергілікті азамат Руслан Хамза айналысып келеді. Ол бұл бағытта үкіметтік емес ұйым ретінде арнайы ұлттық орталық ашып, бірнеше жылдан бері мемлекеттік рәміздердің дұрыс қолданылуы бағытында бұқараға түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Өз кезегінде жоғарыда аталған меймандар бұл жұмыстармен жіті таныс екендерін атап өтті. Бұдан бөлек жұмыс тобы өңірдегі мемлекеттік органдардағы рәміздердің заң шеңберінде қолданылуына мониторинг жүргізді.