Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласын басым бағыттардың бірі ретінде атап өтті.
Жаңа ауруханалар мен емханалар салу, ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметті қолжетімді ету – халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғашқы медициналық көмекті күшейту, дәрігерлердің еңбегін әділ бағалау және медициналық кадрларды даярлауды жақсарту жұмыстары жалғасады.
Денсаулық – әр азаматтың ең қымбат қазынасы.
Нұргүл Жекен,
медбике


