Атырау облысында Жалпыұлттық пул шеңберінде 10 жоба іске асырылады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.
Бұл бастамалар аймақ экономикасының түрлі саласын қамтып, 1200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
- Биыл Атырау облысында Жалпыұлттық пул аясында 20 жоба жоспарланып, 10-ы іске қосылды. Жүзеге асырылғандардың қатарында FFS қаптар шығаратын зауыт, құбырлар мен жабдықтарға арналған бөлшектер өндірісі, тауық етінің жартылай фабрикаттары өндірісі, №6 турбоагрегатты ауыстыру, вагон дөңгелек шеберханасы және Farabi International School жекеменшік мектебі бар,- деді Инфрақұрылымды-инновациялык жобаларды дамыту бөлімінің басшысы Гүлфайруз Маратова.
Ал жыл соңына дейін іске орындалуы тиіс жобалардың қатарында ет өнімін өндіруге бағытталған құс фабрикасы, тауарлы балық шаруашылығы, жылыжай кешені, көкөніс қоймалары, кемпингтер, дәнекерлеу және сервистік цехтар, құрама жем өндіру зауыты, жаңа мектептер, қонақ үй және әкімшілік кеңсе құрылысы бар. Бұл бағдарламалар өңір экономикасын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болмақ.


