Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Дамудың айқын бағдары

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Жолдауда еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады. 

Қаржы саласында Ұлттық Қорға айрықша тоқталды.Елімізге мұнай мен газдан түсетін кірістерден 2001 жылы Ұлттық Қор құрылған болатын. Оны құрудың негізгі мақсаттары:

-елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету,

-болашақ ұрпақ үшін қаржы қаражатын жинақтау,

-экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін төмендету,

-республикалық және жергілікті бюджеттердің әлемдік баға конъюнктурасына тәуелділігін төмендету.2024 жылдан бастап 2006 жылы және одан кейін туылған Қазақстан азаматтарының барлық балаларына жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50% - ы есептелетін болды. Өткен жылдары балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамына инвестициялауды жалғастыратын болады. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық табыс есептелетін болды. Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады. «Қордың қаражатын, ең алдымен, мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек. Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару қажет» деп көрсетті Президент.ел экономикасының негізі орта бизнес екеніне айрықша мән берілді. «2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндет. Қазір бұл көрсеткіш – 7 пайыз шамасында. Жыл басында мен орта бизнесті қолдау үшін нақты шешімдер қабылдау жөнінде тапсырма бердім. Әр кәсіпкер қолдаудың қандай түрі бар екенін және оған қалай қол жеткізе алатынын еш қиындықсыз біліп отыруы қажет. Сонда шағын бизнес орта бизнес санатына өтуге мүдделі болады».Мемлекеттің бағдарлы дамуында мұнай-газ саласы өте маңызды.Сондықтан да ұлттық экономиның драйвері мұнай-газ саласына арналған негізгі басымдықтар да белгіленді. «Мұнай-газ-химия саласын одан әрі дамыту – маңызды міндет деп көрсетті Қ.Тоқаев. Біз полипропилен және полиэтилен шығаратын ірі өндірістік жобаларды жүзеге асыра бастадық. Бутадиен, карбамид, терефтал қышқылын өндіруге арналған басқа да болашағы зор жобалар қолға алынып жатыр.«Орта Азия – Орталық» магистральді газ құбырының елімізге тиесілі 800 шақырымнан астам бөлігін жаңғырту жұмысы өте қысқа мерзімде аяқталды. Газ тасымалдау бағдарларын әртараптандыру және оның қуатын арттыру қажет. Тұрғындарды және экономиканы газбен қамтамасыз ету – Үкіметтің басты міндетінің бірі. Былтыр бірқатар газ кеніші игеріле бастады. Сондай-ақ жылына жалпы көлемі бір миллиард текше метр газ өндіретін жаңа кен орындарын игеру жоспарланып отыр. Әзірге бұл жобалар толық іске қосылған жоқ. Сондықтан газды ішкі нарыққа тиімді бөлу қажет. Жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асырған жөн.Газ кеніштеріне геологиялық барлау жасау үшін жаңа инвестиция тарту тұрғысынан алғанда бұл шаралар өте маңызды».

«Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек». «Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз.Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді», – деп атап өтті Президент Қ.К.Тоқаев.

Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың алға жоспарлап,Халыққа арнаған Жолдауында Ел дамуының басты бағыттары түгелдей баяндалған.

Лесқали Бердіғожин – тарих ғылымдарының докторы,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT