Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Автожолдар жаңғырмақ

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқеав бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте автожолдарды дамыту мәселесіне ерекше тоқталды.

Бұл расымен де қуанарлық жағдай. Әсіресе, жол облыс орталығынан шалғайда жатқан біздің аудан үшін өте маңызды мәселе болатын. Президент өз сөзінде «Аймақтағы республикалық маңызы бар жолдардың 85 пайызы және облыстық маңызы бар жолдардың 61 пайызының ахуалы орташа немесе жаман емес деуге болады. Облыста жол апатының жиілеп кетуі бәрімізді, ең алдымен, жергілікті азаматтарды алаңдатады. Былтыр өңірде 232 жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан 69 адам, соның ішінде 6 бала қайтыс болды. Мұндай ахуал жыл сайын қайталануда.

Өкінішке қарай, бұл жол адам өміріне үнемі қауіп төндіріп отыр. Биылғы екі ай ішінде осы жолдың бойында 7 жол-көлік оқиғасы болып, 17 адам қазаға ұшырады. Сондай-ақ, 15 адам зардап шекті. Бір ғана жол апатынан 15 бала жетім қалды. Бұндай жағдайға жол бермеуіміз керек. Үкімет пен өңірдегі әкімдіктердің міндеті – жол қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету» деп өте өзекті мәселені көтерді. Расымен де, қазір жол апаты салдарынан қайғы жұтып отырған жанұялар жетерлік.

Мұның басты себебі – сапасыз жол екендігі айдан анық. Осы және басқа да мәселелерге тоқталған мемлекет басшысы 2025 жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіру туралы тапсырма берді. Бұл алдағы уақытта облыс көлемінде жол құрылысы қарқын алып, сапасы жақсарады деген сөз.

Айдана ЖЕТІБАЕВА,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521