Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аутизм белгілері бар балаларды АВА әдісі бойынша оқытады

12 қыркүйек «Авангард» ықшам ауданындағы №3 гимназия-мектебінде инклюзивті сынып ашылды,-деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

aut2

Инклюзивті сыныптың ашылуына Атырау облысы білім басқармасының қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің инклюзив бойынша жауапты маманы, Атырау облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мекемесінің басшысы, мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысты. Қазірдің өзінде сыныпта 5 бала білім алып жатыр. Мұнда психологиялық денсаулығы тежелген аутизм белгілері бар балаларды АВА әдісі бойынша оқыту көзделген. Тьюторлардың сүйемелдеуімен оқушыларды қалыпты балалардың қатарына қосу орталық мамандарының мақсаты болып табылады. Сынып «Инклюзия болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, «СОС» компаниясының қолдауымен ашылды. Жиында білім басқармасы қызметкерлері инклюзивті сыныптар ашу жұмыстарын жүргізуге қолдау білдіргені үшін Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевқа алғыс білдірді.

Айта кетейік, бүгін, 13 қыркүйек күні қаладағы №24 орта мектепте де «инклюзивті сыныптың» ашылу рәсімі өтетін болады.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521