Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2023 жылғы 21 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ Ашық есік күнін өткізеді.
Күннің басты тақырыбы: "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар".
Әлеуметтік кодексте зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты қандай жаңалықтар қарастырылған? Бұл жағдайда қандай жаңа тәсілдер қолданылады? Бұл жаңашылдықтардың қандай артықшылықтары бар? Олар іс жүзінде қалай жүзеге асырылады? – осы және өзге де сұрақтарға БЖЗҚ мамандары жауап береді. Нақты мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдаланып, енгізілген жаңалықтардың қолданылу тетігін түсіндіреді. Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырып, қызықтырған сауалдарға жауап береді.
Ашық есік күні 2023 жылдың 21 қыркүйегінде онлайн-форматта өтеді сағат 10:00-да.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдіруші сілтеме https://enpf.webex.com/weblink/register/rd26c8cc208d3bbd4aecf5dfa4367ec07 бойынша өтуі керек, содан кейін event-кеңестің нөмірін енгізу қажет: 2510 747 0843 және event-кеңестің паролі: 12345
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшылары (алушылары) мен Ашық есік күніне қатысуға ниет білдірушілердің барлығын күтеді!