Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Е.У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушы Е.У. өзінің ұялы телефонымен бұрын бірге жұмыс жасаған танысы Р.А-ға хабарласып, күзетші қызметіне кіретін адамдардың барын сұрап, жұмысқа кіргізіп беретінін айтып сендірген. Содан Р.А.-ның өтініші бойынша Т.-ны жұмысқа орналастырып беру үшін соңғының сеніміне толығымен кіріп, алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен жәбірленуші Р.А.-ның 80 000 теңге ақшасын иемденіп, өзінің пайдасына жаратқан.
Нәтижесінде жәбірленуші Р.А.-ға жалпы құны 80 000 теңге материалдық шығын келтірген. Басты сот талқылауында сотталушы Е.У. өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін, қазіргі таңда барлық келтірілген материалдық шығынның орнын толтырғанын, жәбірленушіден кешірім сұрайтынын, онымен татуласқанын айтып, қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады. Басты сот талқылауында жәбірленуші Р.А. бүгінгі таңда сотталушы өзіне келтірген залалдың есесін толығымен өтегенін, сотталушыға қояр талабының жоқтығын, кешірім беріп отырғанын айтып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.
Сот қаулысымен, Е.У. Қазақстан республикасы қылмыстық кодексінің нің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа берілген қылмыстық іс бойынша, жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Қызылқоға аудандық сотының
баспасөз қызметі.