Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Болашаққа салынған берік көпір

Адам өмірде арман қуып, асқақ белестерге ұмтылуы керек.  Ал, сол биікке апарар жол - қарапайым жұмысшы мамандық иелерінің табанды тіршілігінде жатыр.

Олардың  жұмысы сырт көзге қарапайым көрінгенімен, шын мәнінде болашақ өмірдің іргетасы осы жандардың арқасында қалануда. Себебі жұмысшы мамандары қарапайым қызмет пен үлкен міндет арқалаған жандар.

Осындай қадірлі мамандық иелерін асқақтатқан Мемлекет басшысы да биылғы жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады.

Жұмысшы мамандықтары - елдің өндірістік қуатын арттырып, тұрмыс-тіршіліктің тұрақтылығын қамтамасыз ететін еңбек майталмандары. Цифрландыру мен технологиялық жаңғыру дәуірінде де ол жандардың маңыздылығы жойылған емес. Керісінше, жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге бейімделіп, заманауи кәсіптің иесіне айналуда. Демек, бұл салада да өсу, даму, мансап жасауға толық мүмкіндік бар деген сөз.

Осылайша жас ұрпақты жұмысшы мамандықтарға баулу – болашаққа салынған берік көпір болып табылады.

                                                                                                             Гүлдана Мәмбетқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT