Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Біз бәсекеден қорықпаймыз – Асхат Оралов

Партия халықтың сөзін сөзін сөйлейді, Президенттің тірегі болып қала береді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын ауылдағы, аймақтағы ағайынға жеткіземіз. Ой-мақсатымыз да билік пен халық арасындағы алтын көпір болып қалу. Мұның нақты тетіктерінің бірі – орталықсыздандыру процесі. Бұл дегеніміз Жаңа Қазақстан, Екінші Қазақстан тұжырымдары тек елордада ғана, Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асуы тиіс. Мұны AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов «Үш сұрақ» бағдарламасында айтты.

«Біздің қатарымыздағының 90 пайызы ауылдарда тұрады. Ал кез келген партияның тірегі – бастауыш партия ұйымдары. AMANAT-тың 4,5 мыңға жуық бастауыш партия ұйымдары бар. Оларға 800 мыңға жуық партияластарымыз кіреді. мұны үлкен күш деп есептеймін. Ал Президентіміздің партиядан шығуы бізге үлкен жауапкершілік жүктеді. Енді белсенділікті арттыру қажет, сапаны күшейту керек. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асуы біздің партиямызға да байланысты. Мұны Мемлекет басшысы айтты», – деді Асхат Оралов.

Ол AMANAT партиясының ең ірі саяси күш екенін атап өтті. Бұл ретте елімізде 6 саяси партия еңбек етіп келеді. Президент жаңа заңға сәйкес, саяси партияларға 5 мың мүшесі болса жеткілікті екенін мәлімдеді. Бұрын 40 мың болатын. Бұл – жақсы мүмкіндік. Яғни, саяси бәсекелестік арта түседі.

«Бізде 20 мыңнан аса әртүрлі Үкіметтік емес ұйым бар. Енді заңға өзгерістер енген соң, 5 мыңнан аса мүшесі бар ұйым саяси партия болып тіркеле алады. Бұл бізге де үлкен сынақ деп есептеймін, мойындау керек. Дегенмен, AMANAT партиясының әлеуеті, инфрақұрылымы өте мықты. Сондықтан да біз бәсекеден қорықпаймыз. Бәсекелестік бізге жаңа мүмкіндіктер береді», – деді атқарушы хатшы.

Бағдарлама барысында Асхат Оралов өзге де елдік, ұлттық мәселелерді қаузап, ой-пікірін жеткізді.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521