Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Партия халықтың сөзін сөйлейді»

Бұл туралы «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов «Үш сұрақ» бағдарламасына берген арнайы сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz.

««AMANAT» партиясы халықтың сөзін сөзін сөйлейді және Президенттің тірегі болып қала береді. Президенттің тапсырмасын қарапайым ауылдағы, аймақтағы ағайындарға түсінікті тілмен жеткіземіз. Мемлекет пен халықтың алтын көпірі боламыз деген ой-мақсатымыз бар. Мұның нақты тетіктерінің бірі – орталықсыздандыру процесі. Бұл дегеніміз Жаңа Қазақстан, Екінші Қазақстан тұжырымдары тек елордада ғана емес, Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асуы тиіс деген мақсатымыз бар», – деді партияның атқару хатшысы.

Сондай-ақ, Асхат Оралов сұхбат барысында «Amanat»-тың алдағы жоспары мен «Adal» партиясына қатысты сауалдарға да жауап беріп, пікір білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT