Серік Шәпкенов Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың  туғанына 100 жыл толуына орай Атырауда ұшқыш ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Хиуаз Қайырқызының Доспанова 15 мамыр күні дүниеге келген.  Айтулы күнге орай ұйымдастырылған салтанатты шараға аймақ басшысы және ұшқыштың ұлы мен туыстары Алматы қаласынан арнайы келді. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық Ұланның 5546 әскери бөлімінің сарбаздары, батыс өңірлік қолбасшылығы және мәдениет майталмандары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

-ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде әйгілі М.Раскованың қыздардан құрылған авиаполкінде 17 мен 22 жас аралығындағы өрімдей жас қыздар жиналды. Солардың ішінде біздің Хиуаз апамыз да бар еді. Кейін гвардиялық полкке айналған осы батыр қыздарды немістер «түнгі мыстандар» деп атап, қорқатын болған. По-2 деп аталатын тақтай ұшақпен 300-ден астам түнгі шабуылға шыққан Хиуаз Доспанова шын мәніндегі ержүрек жауынгер еді. Ол бейбіт күнде де білімділік пен еңбекқорлықтың үлгісі болды. Алматы қаласында үлкен лауазымды қызметтерде болып, халық үшін жасампаз да жарқын бастамаларды көтерді,деді облыс әкімі .

2019 жылы Атырау халықаралық әуежайына Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова есімі берілген. Өзі туған Құрманғазы ауданының Дәшін ауылы қазіргі таңда ұшқыш атымен аталады.

Облыс орталығында бір мектепке және тоғыз көшеге ұшқыш аты берілген.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика