Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТАН РЕНІШ ТУМАЙДЫ

 Ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, елді мекендер мен округтердің тыныс-тіршілігімен танысуды мақсат еткен аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың  кезекті іссапары Көздіғара ауылдық округіне арналды. Алдымен, аталмыш округке қарасты Бүйрек елді мекеніне ат басын бұрған аудан басшысы сол елді мекеннің тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бұл ретте, тұрғындар интернет желісінің нашарлығын, жер бөлінісінің шекарасын  бекіту керектігін, ауыз су мәселесі, кітапхананың ескі екендігін алға тартты. Тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы:
– Интернет мәселесі облыс бойынша өзекті.  Барлық округтағы осы мәселені жинақтап, тиісті орынға және телеоператорларға хат жазамын. Ауыз су мәселесі мен жер бөлінісінің шекарасын  бекіту мәселесі шешімін табады. Кітапхананы қайтадан салып беру жағын қарастырамыз, - деді.

img_8960
Одан кейін аудан әкімі  округ орталығындағы «Қызғалдақ» балабақшасы, Қоныстану дәрігерлік амбулаториясы, Көздіғара ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты,  Жаңашаруа орта, Қоныстану балалар өнер мектептерінің тыныс-тіршілігімен танысып, «Самал» мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар тарапынан қарт анаға тұрғын үймен көмектесу,  Ойыл өзенінің қазіргі жағдайы, «Атырау-Қарабау» бағытына автобус шығару,  округ жанындағы қоғамдастық жұмысын жандандыру, «Индер-Қызылқоға» тас жолының қалған бөлігін жылдам бітіру, бақташы ұйымдастыру, тас жолдың Бүйрек елді мекеніне баратын бағытына шлюз салу, мердігер компанияларды халықпен таныстыру, бұрынғы әкімшілік ғимаратын бұзу, ауруханадағы халыққа қызмет көрсетуді күшейту, мешіттегі ахуалды қадағалау, «Кезауыз» каналының бітелген жерлерін ашу, ауыл ішіндегі суға толға құдықтарды тазарту, сапасыз токтарды жалғау, көгалдандыру, тәртіп мәселелері қозғалды.

img_8870Ұсыныс-пікірлерді мұқият  тыңдаған аудан басшысы:
– Аудан әкімі болып келгеніме көп болған жоқ. Округтердегі негізгі мәселелермен танысып, халықпен кездесіп жүрмін. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, әрбір мәселені халықпен бірлесе шешу басты мақсатым. Сондықтан, Сіздердің ұсыныс-пікірлерің маңызды. Сол арқылы біз бүгінгі және болашақтағы жұмыстарға бағдар жасаймыз. Әр көтерілген мәселені зерделейміз.  «Индер-Қызылқоға» тас жолын өзім жүріп көрдім. Облыс әкімінің бақылауында. Қалған 35 километр бөлігін қырып тастау жұмыстары жүргізіледі. Тұрғын үй тек қана кезекпен беріледі. Көтерген мәселелердің бәрі басты назарымда. Ауылда жасалған әрбір іс халықтың игілігі үшін жасалады. Сол себепті, әрбір тұрғын жасалатын жұмыстардың сапалы бітуіне атсалысып, ақыл-кеңестерін ортаға салып отыру қажет, - деді. Бұдан кейін аудан әкімі Қосқұлақ елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, ондағы жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Осылайша, аудан әкімінің Көздіғара ауылдық округіне арналған іссапары тәмамдалды.
Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT