Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БҮГІНГІ ҰСЫНЫС-ПІКІР БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

Әр округтегі шешімін табуы тиіс мәселелерді көзімен көріп, ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектерге құлақ асуды жөн көрген аудан әкімі Қанат Әзмұханов Ойыл ауылдық округіне іссапармен барды.

img_9075Онда алдымен округ орталығы Жасқайрат ауылындағы 102 жер теліміне жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым құрылысымен танысқан аудан басшысы тиісті бөлім басшыларына құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтамаған жағдайда, сотқа беріп, шара алу керектігін тапсырды. Бұдан кейін «Өрімтал» балабақшасы, Ш.Еркінов атындағы орта мектеп, Жасқайрат дәрігерлік амбулаторияның тыныс-тіршілігімен танысқан аудан әкімі «Шалқыма» мәдениет үйінде Жасқайрат ауылының тұрғындарымен кездесті.

img_9059Кездесуде тұрғындар  Дәулетиман елді мекеніне бағыттайтын белгі орнату,  «Жасқайрат» АҚ-ның ауыл тұрғындарының малы жайылатын жерді жекеменшіктен үкіметке қайтару, мал қамайтын орынды тиімді пайдалану, балабақша салу, тұрақты жұмыс, Ойыл ауылдық округінен шыққан тарихи тұлғаларды ұлықтау мақсатында арнайы бөлме бөлу, Ш.Еркінов атындағы орта мектебіне жапсарлас спорт зал салу тағы да басқа ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Қанат Әзмұханов:
– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Сіз бен біз болып бірлесе жұмыс жасасақ, шешілмейтін түйін жоқ. Сіздермен кездесудегі мақсат та сол қордаланған мәселелерді бірге шешу. Ұсыныс-пікірлеріңіз арқылы алдағы уақытқа бағыт-бағдар жасау, зерделеу жұмыстарын жүргізу. Дәулетиман елді мекеніне белгі орнатамыз. «Жасқайрат» АҚ-ның игерілмей жатқан жерін заң талаптарына сәйкес сот арқылы қайтару мәселесін зерттейміз. Сосын хабарын беремін. Жұмысқа орналастыру бұл күрделі мәселе. Себебі, округте тек әлеуметтік нысандарда, дүкендерде және ауыл шаруашылықтарына жұмысқа кіруге болады. Алайда, бос жұмыс орны жоқ екендігін барлығы айнадай көрініп тұр. Ал, босаған орынға жұмыссыздық есебіне тіркелген адамдарға өз кезегімен жұмыс ұсынылады.

img_9092 Сондықтан жұмыссыздыққа міндетті түрде тіркелу қажет. Дегенмен, бүгінде жұмыс жасаймын дегендерге, өз кәсібін ашуға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндік  қарастырылған. Мысалы, қысқа мерзімді курстарды тегін оқып,  өз кәсібін ашып, нәсібін табамын деушілерге әртүрлі бағытта үкімет тарапынан несие беріліп, қолдау берілуде.  Сондықтан, екі қолға бір күрек табылады деп есептеймін. Біз қалай оқу керектігін, несие, грант алу шарттарын көрсетеміз, үйретеміз. Балабақша, спорт кешенін салу мәселелері кезең-кезеңімен жүзеге асыралады, жоспарымызға енгізіледі, - деді. Кездесуден кейін аудан әкімі округ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT