Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУДАНДА ҚАНША САЙЛАУШЫ БАР?

Алдағы бір айда елімізде саяси науқан қыза түсетіні белгілі. Қазіргі таңда, орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткер 6 кандидат құжаттарын тапсырып, үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Осы орайда, «20 қарашада өтетін президент сайлауына ауданның дайындығы қандай деңгейде?» деген заңды сауал туындары хақ. Бұл сауалға жауап берген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Асхат Имашов:
 – Аудан бойынша аумақтық сайлау комиссиясына қарасты 21 сайлау учаскесі бар. Сайлау учаскелері ауылдық округтерде мектептер мен мәдениет үйлерінде, елдімекендердің кітапханасында орналасқан. Осы аптаның сәрсенбісі күнгі мәлімет бойынша ауданда барлығы 18425 сайлаушы тіркелген. Сайлау күні барлығы 125 комиссия мүшесі жұмыс жасайды. Олардың міндеті –  әрбір келген сайлаушының аты-жөнін тізім арқылы тексеріп, қолдарына дауыс беру бюллетенін береді. Сондай-ақ, сайлау соңында комиссия мүшелері дауыс санау жұмыстарына қатысады. Қазіргі таңда, барлық комиссия мүшелерін оқыту жұмыстары жүруде, – дейді.
Соңғы жылдардағы сайлаулардың нәтижесіне қарасақ аудан халқының саяси белсенділігі жаман емес. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше,  маусым айында өткен халықтық референдумға ауданда тіркелген сайлаушылардың 90 пайызы қатысып, өз таңдауын жасаған. Сондай-ақ, биыл  аудандағы Сағыз, Тайсойған, Жамбыл, Көздіғара, Мұқыр ауылдық округтерінде ауыл әкімін сайлауы өтті. Жергілікті тұрғындар оған да белсене қатысқан. Демек, аудан халқы алдағы президент сайлауына да бір кісідей қатысып, өз таңдауларын жасайды деп сенеміз.
Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT