Әрбір ата-ана баласының бүгіні мен болашағына бей-жай қарамайды. Осы орайда, «Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің де тарихын тәрбиелейді» деген А.С. Макаренконың сөзі еске оралады. Шын мәнінде, баланың білімді, тәрбиелі боп өсуіне отбасындағы тәрбиемен қоса, балабақшаның да қосар үлесі орасан.
Жалпы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған мәселелер мен өзгерістерді қашанда қолдаймын. Соңғы Жолдау да көңілден шықты. Негізінен Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды.
- Білім беру – ұлт жанашырының негізгі саласы. Мектепке дейінгі тәрбие, балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті қамтамасыз ету қажет. Бұған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет. Орта білімнің сапасы табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты» деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Балабақшаға келген әр бүлдіршіннің бір күндік уақыты тиімді әрі қызықты өтуіне барлық жағдай жасалған. Әрине, тәрбиешілердің іс-әрекеті, балаға деген құштарлығы қадағалауда. Мемлекет басшысы айтқан, балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеріп және тәрбиешілерді аттестациядан өткізу құптарлық іс. Өйткені, жарық әрі кең балабақшада білікті тәрбиешілердің болуы баланың ынтасын оятып, қызықтырады.
Бағытжамал ЖҰМАБАЕВА,
«Нұр-Шуақ» бөбекжай балалар бақшасының басшысы