Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бар жақсылық балаларға

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы көкейдегі көптеген мәселелерді дөп басып, еліміздің алдағы болашағын айқындап берді.

Біраз мәселелер қамтылған Жолдауда балаларға қамқорлық жасау мәселесі де баса айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Әр отбасы елдің пайдаланып отырған ұлттық байлығынан нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлуді ұсынамын. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік жасқа шын жолдама береді» деді.

Бұл өте құптарлық бастама. Әсіресе біз сияқты көп балалы ата-аналар қатты қуануда. Себебі, бала ер жеткеннен кейін оны оқуға түсіру керек. Ал, көп балалы отбасыларда ондай мүмкіндік бола бермейді. Ал, мемлекет басшысы айтқандай әр баланың шотына 18 жасқа дейін Ұлттық қордан ақша салынып тұрса, мектеп бітіргеннен кейін оқуға қиналмай түсіре аламыз. Балаға бұдан артық қандай қамқорлық керек?! Жолдауда Мемлекет басшысы «Ұлттық қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін болады. Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын» деді.   Сондай-ақ, бұрынғы Жолдауларда тек зейнетақы мен жалақыны көтеру, жәрдемақыны өсіру, жаңа жұмыс орынын ашу жайлы айтылса осы жолы балаларға ерекше көңіл бөлінді.  Мемлекет басшысы балалардың жеке шотына қаржы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударылатындығын атап өтті. Бұл бастамаға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Мәншүк ЕЛАМАНОВА,

көп балалы ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT