Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Білікті мамандар санын арттыру керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін арттырудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы негізде президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет. Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек. Бұл бағытта нақты жұмыстар басталды” ,- деген болатын.

Расыменде еліміздің ертеңі білікті мамандардың қолында. Ал олардың білімді болуы үшін еліміздің негізгі сала мамандары білікті болуы керек. Атап айтқанда, күллі адамзатқа білім беретін ұстаздар қауымының біліктілігі басты назарда болуы керек. Өйткені,заман қарыштап дамыған сайын білімнің жаңа көздері ашылып,түрлі білім беру үлгілері жүзеге асуда. Сондықтан бүтін бір ұлтты тәрбиелейтін һәм білім беретін мамандардың біліктілігі жоғары болуы тиіс. Ол үшін олар әлемдік тәжірбиелерден қалыс қалмай,заманға сай курстардан өтуі керек.

Ж.Қамза

Сурет ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT