Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Серік Рахметоллаұлы, Мәжілістің депутаты: Субсидиялау шаруаларға үлкен мүмкіндік

Біз субсидиялар жөніндегі заңнамаларға, нормативтерге өзгеріс енгізе алмаймыз, бұл Үкімет деңгейінде министрліктің нормативтерімен бекітілетін ережелер. Ертең Жоғары аудиторлық палатаның үшінші есебін тыңдаймыз. Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялар — елдегі талқыланып жатқан ең өзекті мәселелердің бірі болғасын, Мәжіліс бюросы осы есепті тыңдау жөнінде көктемде шешім қабылдады.

Жоғары палата жазда тексеру жұмыстарын жүргізді. Әрине депутаттардың да Ауыл шаруашылығы, Экономика, Көлік министрлеріне қоятын сұрақтары бар. Тұтас жүйе болғасын, жетістіктері де, кемшілігі де болады. Ең бастысы — субсидия жүйесінің тиімдігі бар-жоғын анықтау. Жоғары палатаның өзі бір бағыттарда тиімділік бар дейді, кейбір бағыттың тиімділігі төмен немесе тіпті жоқ екенін көрсеткен, кейбір субсидия бойынша қылмыстық іс қозғау да ұсынылған. Оны құзырлы органдар қарайды. Жоғары аудиторлық палатаның кей тәсіліне де сұрақтарымыз бар. Палата есебінде «ірі шаруа қожалықтары субсидияны көп алады, шағын және орта шаруашылықтар тыс қалды» деген қорытынды бар. Осыны зерттеп қарағанымызда ҚР АШМ ережесінде еш шектеу қойылмағанын көрдік, яғни шағын, орта, ірі шаруашылықтың бәріне ереже бірдей.

Сосын субсидия берілген отандық ірі құс шаруашылығының өнімдері экспортпен шетелге сатылды деген тұжырым бар. Оны да тиісті мамандардан сұрағанымызда еттің мұз боп қатырылған және салқындатылған түрлері барын, олардың сапасы да, денсаулыққа әсері де екі түрлі екенін білдік. Оларды бөлек қарастырған жөн. Жалпы 2019-2020 жылдары отандық өндірушілер құс етіне қажеттіліктің 45 пайызын ғана жабатын, шетелден мұз боп қатырылған тауық еттері келетін. Кейін субсидиялар беріліп, көптеген құс фабрикасы ашылды. Құс етімен қамту 45-тен 73 пайызға көтеріліп, елімізде қатырылған емес, салқындатылған балғын еттер сатыла бастады. Құс өсірудің де 38 күндік циклі болады, яғни 38 күннен асып кеткен құс еті жарамсыз болып қалады.

Сондықтан ішкі нарықта өтпеген ет экспортқа жіберіледі, бұдан қорықпау керек. Көтерме және бөлшек сауда бағаларын, арадағы делдалдар жұмысын, түпкілікті бағаға әсер ететін факторлардың келген ауылдан 10-15 шақырым ұзап шықса, жайылым табылар еді. Қазір малшы табу да қиындап кетті. Ауыл болып бірігіп, бір малшыны сайлап, ақысын уақытылы төлесе, 8-10 шақырымға дейін бағып әкелер еді. Өткен жазғы сессияда жайылым туралы арнайы заңды қайта қабылдадық. Жаңадан енгізген ұғымдардың бірі — қоғамдық жайылым болды.

Енді мәслихат депутаттары жайылымды басқару жоспарын қабылдауы керек. Халық өзі жиналып, ауылдың қасынан жайылымды белгілеп, үй қасында төлдерді қалдырып, ірі малды сыртқы жайылымға жіберуі керек. Мұнда барлық шешімді жергілікті халықтың өзіне бердік, енді олар жайылымды тиімді басқару жолдарын қарастыра алады. Космомониторинг бойынша да сұрақтарымыз бар. Өйткені ауыл шаруашылығында жиі қолданылады деп айту қиын. Технологиялық жай-күйі, суреттің сапасы көңілден шыға бермейді. Нақты бір аумаққа қандай дақыл егілгенін нақты көрсете алмайды. Әйтсе де, қазіргі космомониторинг материалдары арқылы жолдамалар беріліп, ауыл шаруашылығы мамандары сол жаққа барып, нақтылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: Каzinform

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT