Қыс мезгілінде мұз үстінде жүру немесе сырғанау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау адам өмірі үшін аса маңызды. Ауа-райының қолайсыздығынан мұздың толық қатпауы жазатайым оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Орны толмас оқиғаны болдырмас үшін және қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында білгеніңіз абзал.
- Бейтаныс жерде мұзға шықпаңыз. Әсіресе өзендер мен көлдердегі мұз асты ағындары қауіпті болуы мүмкін;- Мұз үстіне мотоциклмен, автокөлікпен шықпаңыз;- Балық аулау кезінде көптеген шұңқырларды қатар қазбаңыз. Балық аулаған шұңқырларды қоршап немесе белгі қойып кетіңіз, өйткені ол жерлер адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екендігін ескеріңіз;- Балалардың мұз үстінде ойнауына қатаң бақылау орнатыңыз. Мұз үстінде бір жерде топталып жиналмау қажеттігін ескеріңіз;- Қараңғы кезде, көрінбейтін уақытта және мас күйде мұз бетіне шықпау қажеттігін қатаң түрде ескертеміз;- Мұзға шығуға тыйым салынған белгілерге мән беріңіз. Мұз үстінде жай жүруге тырысыңыз, жүгіру немесе секіру қауіпті екенін білгеніңіз абзал.



