Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда ерекше қажеттілігі бар балалар үшін жаңа жылдық іс-шара өтті

 Өңіріміздегі «TOPPLAY» отбасылық ойын-сауық орталығында жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті. Шараға ерекше қажеттіліктері бар 180 оқушы қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Басты мақсат — отбасылық құндылықтарды нығайту, достық атмосфера құру және әр баланың ерекшелігіне қарамастан тең мүмкіндіктерге баса назар аудару.

- Атырау қаласында 78 мың оқушы болса, олардың 400-ге жуығы үй жағдайында білім алады. Сонымен қатар қаламыздағы 20 мектепте инклюзивті сыныптар жасақталған. Олардың әрқайсысында 8 оқушыдан оқиды. Бұл шараға осы арнайы санаттағы оқушыларды көбірек қамтуға жұмыстанып, қалалық білім бөлімінің жаңа жылдық іс-шаралар жоспарына енгіздік. Жоспар бойынша алда Атырау қаласы әкімінің шыршасын өтеді,- деді Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова. 

Мерекелік іс-шара барысында балалар мен ата-аналар ертегі кейіпкерлерімен бірге би мен театрландырылған қойылымға қатысты. Кеш соңында балаларға түрлі үлгідегі сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, аталған іс-шара «TOPPLAY» отбасылық ойын-сауық паркі орталығы басшылығының демеушілігімен ұйымдастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT