Аудандық сотта азамат Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Д. Мұқыр ауылына қарасты елді мекеніндегі бір мекеменің ауласында орналасқан жатақханада тұратын жәбірленуші Ж.-ны боқтап балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып,оған тиісіп, айналасындағыларға сыйламаушылық көрсетіп, жан-жағындағы жатақхана адамдарының тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған. Сот отырысында құқық бұзушы Д. кінәсін мойындап, жәбірленушімен көптен бері жақын араласатынын, жатақханаға оның қасында біреулердің болғаны туралы әңгіме естіп, қызғанышпен барғанда есік ашпаған соң есікті қағып, айқайлағанын, содан терезесін бүлдіріп қойғанын, әрекеті үшін кешірім сұрағанын, соттың алдында жәбірленушіден кешірім сұрайтынын айтты.
Сот отырысында жәбірленуші, бұрыннан да құқық бұзушының тарапынан өзіне былапыт сөйлеп, сыйламаушылық таныту әрекеттері орын алғанын, сол себепті оған кешірім бермейтінін айтып, заңды шарасын қолдануды сұрады. Сот қаулысымен, азамат Д. аталмыш заң талаптары бойынша кінәлі деп танылып, оған 12625 теңге айыппұл салынды.
Өз тілшіміз
Сурет: Ашық дереккөзден