Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САҒЫЗ ОРТА МЕКТЕБІ ЖЕҢІМПАЗ

Жақында Ы.Шөреков атындағы гимназиясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының арасында байқау өткізілді.

Мақсат - жалпы адамгершілік пен ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. Байқауға Сағыз орта мектебінің «Адал ұрпақ» ерікті клуб командасы да қатысып, бірінші орынға ие болып, облыстық байқауға жолдама алды. Команданың жетістікке жетуіне аталмыш мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айна Әбілғазының еңбегі зор.

Ендеше, командаға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырына көтеріле беруіне тілектеспіз.

Кәмшат АРАЛБАЙ,

Сағыз орта мектебінің

11-сынып оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521