Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Елдің еңсесін көтеруге үлес қосайық!

Қаңтар оқиғасы деп тарихта атын қалдырған бұл күннің салмағы мен қарапайым халыққа тигізген зардабы орасан. Өйткені, жай ғана “Газ бағасын көтеру «инцидент» ретінде таңдалған. Демек, бұл «шырпы» болды. Өкініштісі, қарапайым халық зардап шегіп, саяси ойынның құрбаны болуы. Олай деуімізге бұл митингке қатысы жоқ, яғни жұмысынан отбасына оралмақшы азаматтар немесе студент жастар еліктеумен барып қаза тапты. Негізі елімізде бейбіт түрде митинг өткізу өте қиын. Себебі, оның өзіндік мәдениеті елімізде қалыптаспаған. Сол себепті, соңы үлкен өкінішке әкеліп отыр. Митингті бастаушы беделді де белсенді азаматтардың істері әлі күнге сот процесінде қаралып жатыр. Одан бөлек, мемлекеттің қаншама мүлкіне, ғимараттарына, жеке адамдардың нысандарына шабуыл жасалды. Оны қалпына келтіруде үлкен қаражатты талап етеді. Ендеше, заман талабына сай еңбек етіп, білім алып елдің дамуына үздіксіз үлес қосуымыз тиіс. Дамушы елдің еңсесін көтеруге мейлінше атсалысқанымыз жөн. Қаңтар оқиғасының қасіреті елдің қасіреті екені белгілі. Мақсот Карин, Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы

 

Фото ғаламтордан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT