Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бұл өте дұрыс шешім

Апта басында өткен Үкімет отырысында халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеру бағытында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қаралды.

Келесі жылдың басында қолданысқа енгізу көзделген жаңа заң жобасы көптеген аналарды қуанышқа кенелткені даусыз. Өйткені, бұған дейін атаулы әлеуметтік көмек төңірегінде бірқатар түсінбестік жайттар орын алып, дау-дамайдың туындағыны жасырын емес. Отбасыға келетін кірістерді есептегенде азғантай теңгенің асып кетуінен қаржыға мұқтаж көптеген отбасында әлеуметтік көмектен қағылған жағдайлар болды. Енді, бұл төлем отбасының кірісіне байланысты болмайды. Ол елдегі барлық көп балалы отбасыларға төленеді. Бұл мұқтаж отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан шынайы қолдау деп түсінгеніміз жөн.

Сондықтан, әлеуметтік көмекті бәріне бірдей тағайындау өте дұрыс шешім деп есептеймін. Мен сегіз баланы өмірге әкелген көп балалы анамын. Осы кезге дейін босанғанда берілетін және баланың бір жасқа дейін төленетін жәрдемақысынан басқа ешқандай әлеуметтік көмек алып көрген жоқпын. Тек бес жылдан бері «Ардақты анаға» берілетін 16 300 теңге ғана беріліп келді. Жолдасымның жалақысы, енемнің зейнетақысы, қолда мал болғасын тимейтін болар деп құжат та жинап, тапсырған емеспін. Қазір үш балам кәмелет жасына жетпесе, бір балам студент. Мына жағымды жаңалықты естігеннен кейін атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыруға ниеттеніп отырмын.

Әсем СЕРҒАЗЫ,

көп балалы ана,

Жангелдин ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT