Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Заң тезірек қолданысқа енсе...

Жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне өзгертулер енгізілетіні туралы айтып, көңілімізді бір серпілтіп тастады.

Бұл жағымды жаңалық мені ғана емес, өзім секілді көп балалы аналар үшін де жақсы жаңалық болды деп есептеймін. Мен өзім алты баланың анасымын. Таяуда отбасымыз тағы бір кішкентаймен толықпақ. Осы уақытқа дейін Күміс алқам болса да мемлекеттік жәрдемақыларға іліге бермейтінмін. Өйткені жолдасым мұғалім, ал өзім аспазшы болып жұмыс жасаймын. Отбасылық табысымызды есептегенде жәрдемақы тимей қалады. Бірақ, әр баланың өз несібесі бар ғой, қатарынан қалып жатқан жоқ. Киімі бүтін, тамағы тоқ. Кейде өзім секілді көп балалы аналардың сөзін естіп қынжылып қаламын. Неге десеңіз, көбі «Көп балалы анамын, неге жеңілдік жоқ, жәрдемақы неге көбеймейді, баспана алуға көмек берілмей келеді» деп, өкпе-реніштерін білдіріп жатады.

Министрдің ұсынысы бойынша жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға, яғни 4 және одан көп баласы бар отбасыларға жәрдемақының жаңа түрін тағайындау көзделіп отыр. Бұл өте құптарлық жайт. Себебі, көп балалы отбасыларға қандай көмек көрсетсе де жарасады. Сондықтан, жаңа Заң қолданысқа еніп, баршамызды қуантса екен деген тілегім бар.

Ақбөбек АЛМАЗОВА,

Ойыл ауылдық округі, Күміс алқа иегері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT