Таңғы сағат 7-де еліміздің мемлекеттік әнұранымен ашылған Миялы ауылдық округіндегі №143 сайлау учаскесінде алғаш болып 3 адам дауыс берді.
Солардың бірі - 65 жастағы ауыл тұрғыны Мәлік Бегешов. "Бұл еліміздегі аса маңызды саяси науқан болғандықтан сайлау учаскесіне ерте келіп, медициналық қызметкерге қызуымды өлшетіп, содан кейін барып дауысымды бердім.
Бұл еліміздің болашағын айқындайтын саяси науқан. Сондықтан немқұрайлы қарамай бәріміз дауыс беруіміз керек" дейді ол. Айта кетейік, "Арман" мәдениет үйінде орналасқан бұл учаскеде 1921 сайлаушы бар. Сайлаудың әділ өтуін 4 бақылаушы қадағалап отыр.
Дулат БЕРІК