Бүгін, яғни 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлау өтуде.
Осыған орай бізде №145 сайлау учаскесіне келдік. Таңғы сағат 07:00 де сайлау учаскесі санитарлық талаптарды сақтай отырып өз жұмысын бастады. Алдымен учаске төрағасы Нұрлан Берденқұлов сөз сөйлеп, ашты. Содан соң ертемен келген сайлаушыларын тіркеді. Алғашқы сайлаушы болып Нұргул Баекиева тіркеліп, өз таңдауын жасады.
Ол:
– Сайлауға келіп өз таңдауымды жасау азаматтық борышым деп білемін. Өзіме артылған жауапкешілікті сезініп, елімнің, балаларымның болашағы үшін өз таңдауымды жасап тұрмын, -дейді.
Ертемен келушілер қарасы аз. Десе де, сайлаушылар өздеріне артылған жауапкершілікті сезініп дауыс беруде. Келушілер алдымен қызуын өлшетіп, санитарлық талаптарды сақтауда.
Айта кетейік, аталмыш сайлау учаскесінде 1067 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскесі сайлау туралы заңға сәйкес таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ашық болады.
Гүлмира Мақсот