Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МИЯЛЫ КӨШЕЛЕРІНЕ ДИЗЕНФЕКЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Өткен аптаның жұмасы күні індеттің алдын алу мақсатында, Миялы ауылындағы «Арлан» газ құю бекетіне, көше қиылыстары мен такси тұрағына, адамдар көп шоғырланатын жерлерге дизенфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Асылбек Жанқуатовтың айтуынша, аудандық ветеринариялық стансасы кәсіпорнының «Уаз» автокөлігі жұмылдырылып, бір тонна ерітінді себілді. Алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521