Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Азамат Әмрин: Салық кодексінде сән-салтанат салығы деген салық түрі болмайды

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин Сенатта өткен дөңгелек үстелден кейін өткен баспасөз мәслихатында Мәжілісте жатқан Салық кодексінің жаңа редакциясында сән-салтанат салығы қалай есептелетінін айтты.

    — Сән-салтанат салығы дейтін бөлек салық болмайды. Жекелеген салық нысандарына жоғары салық мөлшерлемелері болады. Мысалы, қымбат алкогольге жоғары салық мөлшерлемесі болады. Егер бір құтысының бағасы 5 млн теңгеден асатын коньяк кеденнен ішке өткен болса, оның алып өтіп, декларациялаған жеке тұлғаға коньяқ құнының 10 пайызы көлемінде қосымша салық қосылады. Қазір ондай өнімге 470 теңге көлемінде ғана салық салынады. Сонда енді осыған қосымша акциз қосылады деген сөз. Қымбат шылымға да акциз болады. Ал сырттан келген көліктің бағасы 100 мың доллардан жоғары болса, тағы да бағасының 10 пайызы көлемінде акциз алынады, — деді ол.

Азамат Әмрин бірнеше мүлкі бар адамдардың салығы да артанын айтты.

    — Бірнеше қымбат көлік кіргізсе, санына қарай акциз мөлшерлемесі де өсе береді. Мүлік салығына келсек, мүліктердің құнын қосып есептеп, сол сомаға салық есептейміз. Мысалы, бір пәтердің құны 25 млн теңге болды дейік. Оған қазір құнының 0,1 пайызы көлемінде салық салынады. Ал 5 пәтер болса, бәрінің бағасын қосып, қорытындысы соманың 1 пайызы көлемінде салық есептеледі. Сонда қазіргіден 10 есе жоғары болады деген сөз, — деді вице-министр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT