Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстанның бітімгерлік міндеті маңызды

Қазақстан 1991 жылдан бастап Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін маңызды рөл атқарып келеді.

1995 жылы 10 тамызда Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Семей қаласында қазақтың ұлы ақыны, «қазақ руханиятының жаны» – Абай Құнанбайұлының 150 жылдығын тойлауды қолға алды. ЮНЕСКО-ның сол кездегі Бас хатшысы Федерико Майор Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және барлық қатысушыға арналған өзінің құттықтау сөзінде: «Сіздер көлеңкеде болдыңыздар, бірақ бұдан былай халықаралық қоғамдастықтың назары – сіздерде», деді. Елдің мойындалуының тағы бір көрсеткіші – басқа көптеген елдің қатарында Франция да 1992 жылы батыста алғашқылардың бірі болып «көлеңкеден шыққан жас республиканы» мойындады. Франция Президенті Франсуа Миттеран мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми іссапарларымен екіжақты қарым-қатынас нығая түсті. Бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан жемісті байланыстарды орнатуға деген осындай ұмтылыс халықаралық қоғамдастықтың 1992 жылдан бастап Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған шараларды, атап айтқанда, Семейдегі кеңестік «ядролық полигонды» жабу жөніндегі шараларды оң қабылдауымен түсіндіріледі. Тұңғыш Президент «КСРО ыдырауының салдарын түзетуге және Еуразия елдері арасындағы ғасырлық байланыстарды сақтауға» ұмтыла отырып, бүкіл әлемде бейбітшілікке бағытталған жаңа геосаясат құру үшін ел ішінде де, басқа мемлекеттерге қатысты да бейбіт шараларды қолға алды. Ішкі алаңда, мысалы, жаңа заңнамалық базаны әзірлеу үшін конституциялық құқық жөніндегі кеңестерге сүйене отырып, олардың қатарында екі француз сарапшысы – Жан-Пьер Мазо мен Ги Каркассон ұсынған елде қазіргі заманғы басқа мемлекеттердің моделі бойынша Сенат пен Мәжілістен тұратын қос палаталы Парламент құрылды, оны Конституциялық Кеңес толықтырды.

Сондай-ақ елдің көп этносты құрамын ескере отырып, және қазақстандықтардың әртүрлі құрамдас бөліктері арасындағы келісім мен үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында Тұңғыш Президент әлемдегі бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Қазақстан өзінің Тұңғыш Президентінің басшылығымен ашықтық және бітімгершілік рухын сақтай отырып әлемде бейбітшілікті сақтау мақсатында халықаралық қоғамдастық жоғары бағалаған жоғары деңгейдегі халықаралық ұйымдарды құруда маңызды рөл атқарды. Осылайша, жас республика әлемге ерекше саяси жетістіктер әкеле алатынын дәлелдеді. Мәселен, Тұңғыш Президенттің 1992 жылғы 5 қазандағы бастамасы бойынша Азияда және тіпті әлемде қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Конференция (АӨСШК) құрылды. Бұл тамаша бастамадан кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) құрылды, оның қызметіне Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстан да белсенді қатысты. Бұл елде осы ұйымның саммиті екі рет өткізілді – 2011 жылы және 2017 жылы. Астана 12 мүше елдің өкілдерін, соның ішінде жаңадан қосылған Үндістан мен Пәкістанды, сондай-ақ Иранды бақылаушы ретінде қабылдады. Сонымен қатар бұл жерде де әлемдік қоғамдастықты нығайтуға және жаңа саяси, экономикалық тәртіп орнатуға ұмтылыс Қазақстанға халықаралық қоғамдастық жоғары бағалайтын өз дағдылары мен объективтілігін көрсетуге мүмкіндік берді. Жауапкершілік пен шиеленісті төмендету ниетіне негізделген бұл әлемдік ықпал 2003 жылдан бастап Қазақстан негізін салған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерін әрбір үш жыл сайын біріктіретін шараға айналды. Белгілі сәулетші Норман Фостер салған керемет Бейбітшілік және келісім сарайында әртүрлі діндердің жетекші қайраткерлері ең өзекті мәселелерді талқылайды. Олар әлемнің түрлі рухани ағымдары бейбітшілікте өмір сүріп жатқан Қазақстанда өз ойлары үшін қолайлы атмосфераны табатынын біледі.

Бұл – Тұңғыш Президент пен Қазақстан мақтана алатын жоғары мадақ. Тағы бір мысалды атап өту керек. Таяу Шығыстағы жанжалды шешу үшін 2013 жылы Астана қаласы таңдалды. Өйткені оның басты қатысушылары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстанның бейтараптығына және оның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерімен жақсы қарым-қатынастарына сенімді болды. Абай өзінің 25-ші қара сөзінде былай деп жазды: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды». Осылайша, 1991 жылдан бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев берген серпінмен, бұл әлі де жас республика әлемдегі көптеген халықтың таңданысын мақтанышпен қабылдай алады. Халықаралық қоғамдастықтың белгілі өкілдері Н.Назарбаевтан кеңес алу үшін жүгінеді және оның бүкіл әлемдегі бейбітшілік жолындағы қызметін бағалайды. Әлемнің танымал сәулетшілері өздерінің дәстүр мен қазіргі заман тенденцияларын үйлестіре білген жұмыстарын ұсынып, нағыз сәулет зертханасына айналған Нұр-Сұлтандағы ескерткіштердің бірі – Бәйтерек. Ол көкке ұмтылған ағаш, бұтақтары әлемді қабылдап, қорғау үшін жан-жаққа қарайды. Қазақ аңызындағы Самұрық құсы салған мифтік жұмыртқа да көрініс тапқан. Ағаш қуатты күшпен көкке ұмтылады, осылайша барша әлемнен көз тіккен бақылаушыларды таң қалдырудан жалықпайтын жас Қазақстан Республикасының динамикасына ілесіп келеді.

 

Альбер ФИШЛЕР,

Францияның Құрметті профессоры, Академиялық пальмалар орденінің кавалері, Қазақстан Республикасының Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алтын медалінің иегері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT