Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«TiJi», «Disney»​ арналарының мультфильмдері қазақ тіліне аударылады

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Атырау облысына жұмыс сапары аясында белгілі болды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Министр Аида Балаева Атырау облысына жұмыс сапары барысында жергілікті ғалымдармен, шығармашылық орта зиялыларымен кездесті. Жиын Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өтті.

«Ұлттық интеллигенция еліміздің дамуында айрықша рольге ие. Өйткені, ұлттық интеллигенция бұған дейін ағартушылық қызмет арқылы жастарымызды, тұтас халқымызды алға жетелеп келді. Зиялы қауым өкілдерінің мұндай маңызды ролі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық датасы кезінде тіптен арта түседі» деді министр Аида Балаева.

Министр қазіргідей ақпараттық тасқын дәуірінде бала санасына мультфильмдердің әсері жоғары екендігін айтты. Осы ретте елімізде ауқымды жұмыс атқарылуда. Ұрпақ тәрбиесіне қатысты маңызды саланың бірі – танымал балалар арналарын қазақша «сөйлету». Ауқымды жобалар аясында «TiJi», «Disney»​ арналарының мультфильмдері қазақ тілдеріне аударылатын болады.

Министр Аида Балаеваның айтуынша, мұндай жобалар балалар контенті алаңының мемлекеттік тілдегі сапалы материалдармен толығуына ықпал етеді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «1 қазаннан бастап, Түркістан облысында шекаралық аймақта орналасқан 30 елдімекен «Шалқар» радиосына, Шығыс Қазақстан облысындағы екі шекаралық ауыл «Қазақ радиосына» қосылды. 2025 жылға дейінгі бекітілген ұлттық жоспарға сәйкес, республика бойынша 300 елдімекенге радио желісі жетеді. Желтоқсанның аяғында және қаңтар айының басында Жәңгір хан, Қаныш Сәтпаев, Роза Бағланова сынды тарихи тұлғалар туралы 6-7 фильм шығарылады. Жаңа жылда Дина Нұрпейісова, Ермек Серкебаев туралы фильмдер түсіріледі» деді министр Аида Балаева.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT