Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Аумақтан тыс соттылық – талап қоюшыларға қолайлылық туғызады

Қазақстан Республикасында 2021 жылдың 1-шілдесінен бастап Әкімшілік әділет институты іске асырылып, ол бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданып, әкімшілік соттар өз қызметін бастаған болатын. Содан бері әкімшілік соттардың өз жұмыстарын бастап, тиімді жұмыстар атқарылып келе жатқанына да бесінші жылға қадам басып отыр.

Әкімшілік соттардың, әкімшілік сот ісін жүргізудің ерекшелігі — мемлекеттiк басқару жүйесiнде заңдылықтың сақталуын бақылау, яғни басқару қатынастарынан туындайтын жария-құқықтық дауларды қарау және шешудiң ерекше процесiн жүзеге асыру арқылы азаматтардың, басқа да ұйымдардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiру болып табылады. Әкімшілік әділет құрудағы негізгі мақсат – сот төрелігін халыққа жақындатып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауға қабілетті жүйе құру болды. Осы тұрғыда, үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап тағы бір жаңалық енгізілген болатын. Ол – әкімшілік талап қоюлардың аумақтан тыс соттылық, яғни эксаумақтық соттылық бойынша қаралуын жүзеге асыру еді. Бұл дегеніміз - заңда белгіленген істердің жекелеген санаттарының қаралу тәртібін қоспағанда, талап қоюшы сотқа әкімшілік талап қоюды жолдай отырып, сондай-ақ, соттың іс жүргізуіндегі әкімшілік істер бойынша да, әкімшілік істі сот талқылауына тағайындағанға дейін эксаумақтық соттылықты таңдайтыны жөнінде өтініш бере алады. Эксаумақтық соттылықты таңдау талап қоюшыға мынадай мүмкіндіктер береді. Мәселен, талап қоюшыға қолайлылық туғызады, жауапкер тарапынан қысым қаупін төмендету, яғни таңдалған соттың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органнан қашықтығы, сондай-ақ, сот жүктемесін жеңілдетуге мол септігін тигізеді. Осылайша аумақтан тыс соттылық, талап қоюшыға басқа сотты таңдауда қолайлылық туғызып, тиімді жағдай қалыптастырады. Алайда, талап қоюшы нақты бір әкімшілік сотты таңдай алмайтынын, себебі талап қоюшының өтініші бойынша әкімшілік іс «Төрелік» ақпараттық жүйесі бойынша автоматты түрде бөлінеді және осы негізде соттың ұйғарымы шығарылатынын атап көрсеткен жөн. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 107-бабының 1-бөлігінің екінші абзацында, «Талап қоюшы, осы Кодекстің 102-бабының үшінші бөлігіндегі, 103-бабындағы, 105-бабының бірінші бөлігіндегі, 106-бабының екінші және үшінші бөліктеріндегі тәртіппен қаралуға жататын істерді қоспағанда, әкімшілік іс сот отырысында талқылауға тағайындалғанға дейін эксаумақтық соттылықты, оның ішінде соттың іс жүргізуіндегі әкімшілік істер бойынша да таңдай алады» деп көрсетілген. Нақтырақ айтқанда, аумақтан тыс соттылық - инвесторлардың дауына, әскери соттардың соттылығына жататын істерге, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Орталық референдум комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істерге, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде шығарылған әкімшілік актілерге және электрондық құжат нысанында шығарылған әкімшілік актілерге дау айту туралы істерге қолданылмайды. Әкімшілік сот ісін жүргізудегі бұл жаңалық, яғни эксаумақтық соттылық азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғауда тиімді нәтижеге қол жеткізіп, халықтың сотқа деген сенімін арттыра түседі деген ойдамын.

Г. Шелтеуова,

Атырау облысы Қызылқоға аудандық сот әкімшісінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT