Такси орталығының құрылғанына екі жылдан асты.
Орталықта күніне 15-20 такси қызмет көрсетеді. Аудан орталығы болған соң ба қызметті тұтынушылар сұранысы жоғары. Кейде үлгере алмай жатамыз. Таңертең ертемен бастаған жұмысымыз қарбаласқа толы. Әр жұмыстың өзіндік қиындығы болады.
Кейде балабақша, жұмысқа асыққан жолаушылардың бабын таба алмай жатасың. Жалпы, жұмыста қауіпсіздікті басты назарға аламыз. Такси орталығы болған соң көліктердің біркелігі, медициналық маманның күнделікті тексерісі қажет. Осы жағын алдағы уақытта бір ізге келтіріп, жұмысты жандандыруды ойлап отырмыз.
Сержан НҰРАЛИН,
«Такси сити» такси орталығының басшысы