Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аудан тұрғындарына 15 мың теңге тиесілі ме?

Президент тапсырмасына сәйкес ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтер шығындарын үкімет тарапынан өтеу жөніндегі бұйрығына орай, «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тұхфатов Бауыржан Зайнеденұлымен кездескен болатын.

Онда тұрғындардың өтініші көп түскен 15 мың теңгенің кімдерге тағайындалатындығы жөнінде сөз қозғалды. Министрдің бұйрығында коммуналдық төлемақы 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, мүгедек бала тәрбиелеуші, көпбалалы отбасылар мен ҰОС соғысы мүгедектері мен қатысушыларына және ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген азаматтар, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы, сондай-ақ, ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер мен атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлерге беріледі делінген. Бұйрыққа сәйкес тағайындалған коммуналдық төлем тек қана карантиндік аймаққа жататын Атырау облысына және басында баспанасы немесе коммуналдық қызмет бойынша дербес шоты бар тұлғаларға тиеcілі,- деді Б.Тухфатов.

Осылайша, аудан және ауылдық округ тұрғындарына коммуналдық төлемдердің төленбейтіндігі нақтыланды.

Осы орайда, Атырау облысында төлемдерге өтініш беру үшін 25-44-51; 25-44-59 байланыс телефондары іске қосылған. Алайда, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар саны 20 000 нан астам болғандықтан бұл телефон желісінің шамасы аз екендігі ескеріліп, жобалық кеңсе тарапынан тағы телефон нөмірі анықтама ретінде қосу және ақпараттандыру жұмыстарын жүйелету мақсатында Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс беріліп, үшінші анықтама телефоны іске қосылды.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT