Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫ ТЕГІН БЕТПЕРДЕ ТАРАТТЫ

Қашанда игілікті іс жасауға әркез дайын тұратын аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Арман» мәдениет үйінің ұжымы елдегі төтенше жағдайға байланысты медициналық бетперде тігуді қолға алды.

Игі бастаманы бір кісідей қолдап, іске кіріскен аталмыш мәдениет үйінің қызметкерлері: Балжан Мақы, Ләззат Қапанова, Раушангүл Стомма, Жарқын Нәбиева, Лизия Оқас, Алтынгүл Сәрсеновалар барлығы 250 бетперде тігіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ауыл тұрғындарына, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, қарияларға, тәртіп сақшыларына тегін үлестірді.

- Бұл игілікті іс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Елдегі жағдайға кім-кімнің де сабырлықпен, төзімділікпен қарағаны дұрыс. Сонда ғана бұл уақытша қиындықты жеңеміз. Біз Сіздермен біргеміз! - дейді мәдени сала қызметкерлері.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521