Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуда

Атыраулық кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама арқылы азаматтарды жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қаладағы “Ажар” тігін шеберханасының иесі Мөлдір Мұқанова мемлекеттен субсидия алып, мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс істеуіне мүмкіндік жасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Сонымен қатар, кәсіпкер «Күміс жас» жобасы аясында 50-жастан асқан бір азаматты жұмысқа алған.

- Мемлекеттік бағдарламаға қатысқанымызға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектескенімізге қуаныштымыз. Олар мансап орталығына өтініш бергеннен кейін, біз оларды жұмысқа алдық. Барлығы ыңғайлы, жайлы және қауіпсіз болуы үшін арнайы тігін шеберханамызды жабдықтап, жағдай жасадық. Үкіметтен көмек ретінде есту қабілеті нашар адам үшін арнайы телефон, мүмкіндік беретін есту аппараты, тігін машинасы, үтік, оверлог сатып алынды, – деді кәсіпкер М.Мұқанова.

Еске сала кетейік, мемлекет мүгедектігі бар адамдардың жалақысының бір бөлігін субсидиялайды. Бірінші жылы - жалақының 70%-ы (бірақ 30 АЕК-тен аспайды, қазір бұл 110 760 теңге), екінші жылы - 65%-ы , үшінші жылы – 60%-ы жергілікті атқарушы орган есебінен төленеді.

Айта кетейік, биыл өңірде «Күміс жас» жобасы бойынша 1 004 адам қызмет етуде.

Сәуле МАҒАУ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT