Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық тұрғын ТЖ кезінде туған күнін от шашу шашып, атап өткен

Атырау облыстық Полиция департаментінің әлеуметтік желісіндегі мәліметке сүйенсек, 27 сәуірде, яғни, дүйсенбі күні сағат кешкі 22:00 шамасында Атырау қаласының 1973 жылы туған тұрғыны, карантин режимін бұзып, қаладағы Құрманғазы көшесінде орналасқан жеке үйінің ауласында, туған күнін от шашу шашып, атап өткен.

Осы орайда, құқықбұзушыға Атырау қалалық ПБ учаскелік полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің " Төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша 476-бабымен және де бұдан басқа осы кодекстің "Елді мекендерде атыс қаруынан, газды пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану" бойынша 436-бабымен хаттамалар жасақталып, рәсімделген іс-құжаттар сотқа жолданды.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT