Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда суға шомылу кезеңі ығыстырылды

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша ТЖД-нің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Абланов айтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, Атырау облысында 7 сәуірден бастап ТЖ режимі жариялануына байланысты Атырау облысында суға шомылу маусым айының үшінші онкүндігіне ығыстырылды.

⁃ Биыл Атырау облысында суға шомылу маусымы тек тасқын су кезеңі өтіп, акватория (су аумағы) зерттеліп, түбі тазартылған соң ғана ашылады. Судың мол келуіне байланысты облыс аумағында көптеген жайылым сулар пайда болды. Олар үлкен қауіп туындатып отыр, себебі, түбінде шұңқырлар, ағаштың бұтақтары, өткір затар мен тұрмыстық қоқыстар бар. Бұл шомыламын деген адамдарға қауіпті,- деді Б.Абланов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT