Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы Жолдауында еліміздегі жүзеге асатын реформаларға қатысты бес бағыт белгіленген еді. Президент атап өткеніндей, еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасы ұсынылды.
Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді.
Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды.
Реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделді. Бұл мәселелер халық тарапынан көп жылдан бері көтеріліп келе жатқан еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, аз ғана уақыттың ішінде өте маңызды саяси науқандар өткізілді.
Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлауы өтті. Одан кейін еліміздегі барлық аудан әкімдері сайлауы өтпек. Бұл биліктің барлық институтының жаңарып, тың қарқынмен жұмыс істей бастауына септігін тигізеді. Елде жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде 8 мәселені ерекше ерекше атап өтуге болады. Сауда кедергілерін жою және сауданы ырықтандыру арқылы іскерлік белсенділікті ынталандыру жаһандық экономика саласының кеңеюіне әкеледі.
Негізінен сауданы ырықтандыру сауда, еңбек және жаһандану арасындағы тығыз байланыстың құрылуына ықпал жасайды. Сондай-ақ, азық-түлік өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты өндірістік әлеуетті барынша арттыру арқылы қанағаттандыруға болады. Өндірістік әлеуетті барынша арттырудың өсіп келе жатқан қажеттілігі экономиканы дамытудың тиімді жолдарын анықтай алатын құралдарды әзірлеудің маңыздылығын көрсетіп отыр. Инфрақұрылымды дамыту – экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің бірі. Халықтың сапалы инфрақұрылымға үнемі өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін елеулі инвестицияларды талап етеді.
Зәуре Қазақбайқызы,
Атырау қаласының N2 сотының судьясы