Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда үшем дүниеге келді

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 22 жастағы Аянгүл Сәбитова үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

8 қыркүйек - Отбасы күні қарсаңында жарық дүние есіген ашқан нәрестелердің үшеуі де ұл. Сәбилердің екеуінің салмағы 1 келі 800 граммнан, үшіншісі 2 келі 200 грамм.

- Қазір ананың да, балалардың да жағдайы жақсы. Балалар анасының қасына шығарылды. Жас ана болған соң сәбилерді бағып, ем-дом жасауға арнайы медбикелер тағайындалды. Қазіргі таңда олар ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Әзірге қашан шығатындары белгісіз, - деді орталықтың шала туылған нәрестелер патологиясы,  II кезең күту бөлімшесінің меңгерушісі Түрлен Бегеева.

Жас ана жүктіліктің 34 аптасында кесір тілігі арқылы үшемді дүниеге әкелді. Шұғыл ота орталық директорының орынбасары, білікті акушер-гинеколог дәрігер Асқар Кенжеғалиевтің жетекшілігімен өтті.

Айта кетейік, Атырау облысында 2022 жылдың 8 айы ішінде 11 333 сәби дүниеге келген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT