Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар күшейтілді 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі заңсыз балық аулау әрекеттерімен күрес жүргізуді жалғастырып, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Браконьерлікке қарсы іс-шара кезінде оқыс оқиға орын алды. Яғни, 28 қыркүйек күні сағат 14:00-де департаменттің жағалау күзеті дивизионының шекара катері қызметтік тапсырманы орындау барысында ірі көлемдегі браконьерлік ау құралдарын анықтады.

Қамыс арасынан кенеттен бетперде киген төрт белгісіз адам отырған «Байда» типтес қайық үлкен жылдамдықпен шықты. Олар тоқтау туралы заңды талапқа бағынбай, қауіпті бұрылыстар жасап, катердің сол қапталына соғылды. Соның салдарынан экипаж мүшелерінің бірі суға құлап кетті.

Бүгінде белгісіз бағытқа қашып кетіп, жасырынған күдіктілерді іздеу шаралары Атырау облысы бойынша Шекара қызметі департаменті және
құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілуде. Сондықтан мамандар кезектен тыс тексеріс жұмыстары кезінде тұрғындарды үрейге берілмеуге шақырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT