Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда өрт сөндірушілер жабайы қабанның төлін құтқарып қалды

Кеше облыстық төтенше жағдалар депаратментінің қызметкерлері қамыс өртін сөндіру кезінде жабайы жануардың өмірін аман алып қалған.

«Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында өрт сөндірушілер қалың өскін арасынан әлсіз дыбысты естіген. Қырағылық танытқан құтқарушылар түтін мен жалын ортасында адасып, табынынан көз жазып қалған жабайы қабанның төлін байқайды. Әлсіреген, бағытынан жаңылған жануар қауіпті жерде қалып қойған. Уақытты жоғалтпай, құтқарушылар төлді қауіпсіз жерге алып шықты. Құтқарылған жануар резерват қызметкерлеріне табысталды.

Амандық АБДОЛ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT