Атырауда өрт сөндірушілер адам құтқарды

Ағымдағы жылдың 16 маусымда "ӨСжАҚЖҚ" ММ өрт сөндірушілері тағы бір өмірді құтқарды.

Атырау қаласы 8 март көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде сплит-жүйенің жануы салдарынан өрт шықты. Одан өрт үй иесінің жиһазына және жеке заттарына таралды.

Диспетчерлік пультіне шақыру сағат 20:04-те түсті. Шақыруға келген 8 қызметкер мен 2 техника пәтердің кіреберіс есігі құлыпталғанын анықтап, пәтердің балконынан кіруге шешім қабылданды.

1943 жылы туған пәтер иесі есінен танып қалғаны анықталып, өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінен құтқарылып 103 қызметкерлеріне тапсырылды.

Құтқарылғаннан кейін егде жастағы әйел улы газбен уланып ауруханаға жатқызылды. Подъезден 63 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала.

Сағат 20:28-де өрт толығымен жойылды. Қаза тапқандар жоқ. Өрт себебі анықталуда.

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика