Атырауда республикалық ақындар айтысы басталды

Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған "Қалың елім, қазағым!" атты Республикалық ақындар айтысы басталды.

Атырау облысы әкімдігі қолдауымен Қазақстан жазушылар одағы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырып отырған жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 24 ақын қатысуда. Шараға арнайы қатысқан Атырау облысы әкімінің  орынбасары Бақытгүл Хаменова жыр жүйріктерін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің атынан құттықтап, ақындарға сәттілік тіледі.

Айтыстың жүргізушілік тізгінін Жүрсін Ерман өз қолына алды. КСРО және Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино актері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы екі күнге созылатын додада айтыскер ақындар өнеріне баға бермек.

Айта кетейік, "Қалың елім, қазағым!" республикалық ақындар айтысының финалдық кезеңі ертең Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтеді.

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика